427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парагвайда денге безгегі өрши түсті

  • 593
Парагвайда денге безгегі өрши түсті

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, дертті жұқтырған бір науқас ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасы Асунсьонда өткен жылдың қазан айынан бастап 1700 адам денге безгегіне шалдыққан екен. Осыған орай елдің денсаулық сақтау ұйымдары аймақта аурудың таралмауы үшін шұғыл тиісті медициналық шараларды қолға ала бастады. Оған 500-ге жуық маман жұмылдырылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша денге безгегі – масалар арқылы таралатын вирусты жұқпалы ауру. Статистикаға сәйкес, бұл дерттен әлем бойынша жыл сайын шамамен 22 мың адам көз жұмады.

Хабар 24 телеарнасы