375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО мен Иран Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

  • 172
ЕО мен Иран Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосу Үндістандағы «Райсин диалогы 2020» халықаралық конференциясы аясында өткен. Тараптар Тегеранның ядролық бағдарламасы мен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады. Еуроодақ өкілі аймақтағы шиеленісті тоқтатуға үлесін қосуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ Иранның ядролық келісімді сақтауының маңыздылығына да тоқталып өтті.

Айта кеткен жөн, қаңтардың 3-інде Дональд Трамптың бұйрығымен АҚШ әскерилерінің шабуылы кезінде ирандық генерал Касем Сүлеймани қаза тапқан болатын. Салдарынан ресми Тегеран ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеген. 

Хабар 24 телеарнасы