377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегерандағы ұшақ апаты: 5 мемлекет Ираннан өтемақы талап етпек

  • 181
  • UPD: 15:20, 17.01.2020
Тегерандағы ұшақ апаты: 5 мемлекет Ираннан өтемақы талап етпек

Канада, Украина, Швеция, Ауғанстан мен Ұлыбритания елдерінің сыртқы істер министрлігі Иран үкіметінен ұшақ апатынан қаза тапқан жандардың жақындарына өтемақы төлеуін талап етеді.

Сонымен қатар қайғылы оқиғаға қатысты халықаралық тергеу жұмысын мұқият жүргізу керек дегенді алға тартты.

Естеріңізге салайық, қаңтардың 8 күні «Украинаның халықаралық әуежолдары» компаниясына қарасты Boeing 737 жолаушылар ұшағы Тегеранның әуежайынан көтерілген бойда құлады. Салдарынан ұшақ бортында болған барлық 176 адам қайтпас сапарға аттанды. Кейін Иран украиналық ұшақты байқаусызда атып түсіргенін мойындаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы