Иракта АҚШ базаларына қанатты және баллистикалық зымырандармен соққы берілгенде 11 америкалық жасақ жарақат алған.
Бұл туралы Пентагон хабарлайды. Бұған дейін АҚШ тарапы әуе шабуылдарынан зардап шеккендер болған жоқ деп хабар таратқан болатын.
Естеріңізге салайық, оқиға осы айдың 8 күні болды. Әуе шабуылы Иранның әскери генералы Касем Сулейманиді жерлеу рәсімінен кейін бірнеше сағат өткен соң ұйымдастырылған болатын. Осылайша Иран тарапы Сүлейманидің өлімі үшін кек қайтармақ болды.