376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина премьер-министрі отставкаға кетпек

  • 158
  • UPD: 15:12, 17.01.2020
Украина премьер-министрі отставкаға кетпек 24tv.ua

Украина премьер-министрі Алексей Гончарук отставкаға кетпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол өтінішін жазып та қойған. Енді президент қарауы тиіс. Айта кеткен жөн, таяуда ютуб каналдардың бірінде аудиожазба жария етілген. Алдын ала мәлімет бойынша, онда премьер-министрлермен бейресми кездесу өткізіп, мемлекет басшысы жайлы теріс пікірлер айтқан болуы мүмкін. Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі бұл жазбаның рас-өтірік екенін дәлелдейтін мәлімет жоқ дейді. Гончаруктың өзі мұны қарсыластарының әрекеті дейді. Жанжалдан кейін Президенттің сайтында электрондық петиция пайда болған еді. Оның авторлары премьер-министрдің қызметінен кетуін талап еткен.

Хабар 24 телеарнасы