376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Идлиб провинциясының 350 мың тұрғыны босқынға айналған

  • 145
  • UPD: 09:22, 18.01.2020
Идлиб провинциясының 350 мың тұрғыны босқынға айналған

Сирияның Идлиб провинциясында желтоқсан айынан бері 350 мыңға жуық тұрғын үй-жайын тастап, өзге өңірлерге бас сауғалап кеткен.

Оған Сирия мен Ресейдің аймақтағы әскери шабуылды үдете түсуі түрткі болды. Сондықтан жергілікті тұрғындар көрші Түркиямен шекаралас маңға қоныс аударуға мәжбүр болған. Айта кетейік, оппозициялық күштер бақылауындағы Идлибте өмір сүру күннен күнге қиындап барады.

БҰҰ мәліметінше, аталған аймақта ауыз су, азық-түлік және дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады.

Хабар 24 телеарнасы