422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зеленский премьер-министрдің отставкасын қабылдамады

  • 415
  • UPD: 11:57, 18.01.2020
Зеленский премьер-министрдің отставкасын қабылдамады

Украинада саяси дағдарыс бола жаздады. Премьер-министр Алексей Гончарук президенттен өзін лауазымнан босатуды сұрады.

Бірақ Владимир Зеленский оның өтінішін қабылдамай тастады. Бұл жағдайға Премьер-министрдің Ұлттық банк және кей министрлермен бейресми кездесуінің таспаға жазылып, Ютюбте жариялануы себеп. Аудиожазбада Гончаруктың дауысына ұқсас адам президенттің экономика туралы түсінігі қарабайыр деп айтады. Осыдан кейін Үкімет басшысы өзін қызметінен босату туралы парламентке емес президентке өтініш жасады. Бірақ Зеленский қазір елде экономикалық және саяси дүрбелең туғызбау керек деп, оның отставкасын кері қайтарды. Шулы жазбаға байланысты тергеу басталды.   

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Менің сізге және үкіметке көзқарасым қандай екенін жақсы білесіз. Сондықтан ойлана келе қоғамды көбірек алаңдадатын мәселелерді шешеді деген үмітпен сізге тағы бір мүмкіндік беруді ұйғардым.

Хабар 24 телеарнасы