Альфабет холдингінің капиталдандыру деңгейі бір триллион доллардан асқан төртінші америкалық компания болды.
Бұған дейін мұндай көрсеткішке Эпл, Майкрософт және Амазон жеткен еді. Соңғы бір жыл ішінде Альфабет акцияларының құны айтарлықтай өскен.
Сарапшылардың пікірінше, нарықтағы бағалардың қымбаттауына АҚШ пен Қытай тарапының сауда соғысы бойынша уақытша келісімге келуі әсер етті. Айта кеткен жөн, Альфабет холдингіне Гугл компаниясы кіреді. Технологиялық алпауыт қызметкерлерінің саны 114 мың адамнан асады.