379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда полиция Макронды ереуілшілерден қорғап қалды

  • 167
  • UPD: 14:32, 18.01.2020

Францияда тәртіп сақшылары президент Эмманюэль Макронды шерушілерден қорғап қалды.

Оқиға Париждің оныншы ауданында болды. Макрон осы жердегі «Буф-дю-Нор» театрына әйелімен бірге барып, қойылымды көріп отырғанда шерушілер ғимаратқа лап қойды. Бірақ мемлекет басшысының күзетшілері мен тәртіп сақшылары шұғыл қимылдап, Макронды ғимараттан аман алып шықты. Еске сала кетейік, Францияда желтоқсан айынан бері үкіметтің зейнеткерлік реформасына қарсы ереуілдер өтіп жатыр. Наразылық шарасынан қоғамдық көліктің жұмысы тұралаған. Париж бен өзге де қалаларда ірі шерулер өтіп, полициямен қақтығыстар болды.

Хабар 24 телеарнасы