379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алеппода босқындар саны көбейді

  • 163
  • UPD: 13:35, 18.01.2020
Алеппода босқындар саны көбейді

Сирияның үкімет әскері мен Ресей күштерінің Алеппо провинциясындағы әуе соққыларынан босқындар саны көбейді. Бұл туралы Сирияның адам құқықтарын бақылау жөніндегі ұйым мәлімдеді.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы шабуылдан 2 бала қаза тауып, 7 тұрғын жарақат алған. Ал БҰҰ Идлиб аймағындағы жағдайдың да осындай екенін мәлімдеп, атысты тоқтатуға шақырды. Ұйымның хабарлауынша, осы айдағы түркия-ресей келісімі еш нәтиже бермеген. Үкімет және ресей ұшақтары өңірді қайта бомбалауды бастаған. Ресми мәліметке сүйенсек, өткен желтоқсан айынан Идлибтен бас сауғалап қашқан босқындардың саны 350 мыңнан асқан.

Джереми Лоуренс, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының баспасөз хатшысы:

- Әуе соққылары мен жердегі әскери қимылдардан күн сайын бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр. Үкіметтік күштер мен қарулы топтар халықаралық гуманитарлық құқықты ескеріп жатқан жоқ. Қаңтардың 15-і күні әл-Хал қаласындағы базарды бомбалаудан 15 адам қаза тауып, 60-ы жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы