447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гватемалада тағы бір мигранттар керуені пайда болды

  • 180
Гватемалада тағы бір мигранттар керуені пайда болды Trend

Гватемалада тағы бір мигранттар керуені пайда болатын түрі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Америка елдерінен Гватемала аумағына 3 жарым мыңнан астам босқын кірген. Ағылып келіп жатқан мигранттар шекарадағы Текун Уман қаласына тоқтап, одан әрі Мексиканың Сьюдад-Идальго шаһарына өтуді көздейді. Ал түпкі бағыттары – АҚШ. Мексика президенті Лопес Обрадор жағдайды бақылап отырғанын айтады. Ол шекара аймағында келімсектерге баспана беріліп, медициналық көмек көрсетілетінін әрі жұмыс тауып беруге күш салатынын мәлімдеді.

Марвин Поланко, гондурастық мигрант:

– Мексикада достарым бар. Олар жұмыс көп екенін айтады. Мақсатым – ешкімге залалымды тигізбей, балаларымды бағып-қағып өсіру. Ол жақта тез жұмыс тауып аламын деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы