431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Илон Маск Марсқа миллион адамды апармақшы

  • 351
  • UPD: 10:52, 19.01.2020
Илон Маск Марсқа миллион адамды апармақшы LAD Bible

SpaceX корпорациясының басшысы Илон Маск алдағы он жылдықтағы жоспарларымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz LAD Bible басылыман сілтеме жасап.

Кәсіпкердің айтуынша, болашақта Марсқа жылына 100 мың адам жеткізу мүмкіндігі болады екен. Бұл үшін күніне үш рет ұша алатын және 100 мың тоннаға жүк тасымалдайтын Starship ғарыш кемелері қажет.

Масктың айтуынша, егер 10 жылда осындай 100 кеме салатын болсақ, онда Қызыл планетаға ұшу арман болмайды. Осылайша, 2050 жылы SpaceX басшысы миллионға жуық адамды Марсқа жеткізуді ойластырған. Оның айтуынша, ол планетада жаңа инфрақұрылымда жұмыс орындары болады екен.

Хабар 24 телеарнасы