376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада қарлы боран салдарынан 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

  • 132
  • UPD: 11:07, 19.01.2020
Канадада қарлы боран салдарынан 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалды meteovesti.ru

Канаданың Ньюфаундленд аралында күшті қарлы бораннан зардап шеккен 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат CTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық метеобюроның мәліметінше, кешеден бері тіпті кей жерлерде қалыңдығы 70 сантиметрден астам қар жауған. Мұнда дауылды желдің ұйытқуы – 42 м/с.

Ньюфаундленд аралының ірі қаласы Сент-Джонс шаһарының билігі төтенше жағдай енгізгені туралы хабарлады. Барлық мемлекеттік мекемелер, банктер, кеңселер мен дүкендер жабық, көшелерде тек арнайы көліктерге рұқсат етілген. Ауа-райының қолайсыздығы ондаған рейстердің тоқтатылуына және кейінге қалдырылуына себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы