420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда халық билікке қарсы тағы бас көтерді

  • 426
Ливанда халық билікке қарсы тағы бас көтерді

Бейрутта мыңдаған адам көшеге шығып, қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 200-ден астам шеруші жарақат алды. Тәртіпсіздіктер парламент алдына жиналған шерушілердің полицейлерге тас лақтыруынан басталды.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары шеруішілерге су шашып, көзді жасаурататын газ қолданды. Кей ақпарға қарағанда, шеру әлі жалғасуда. Қалаға әскерилер кіргізілген. Президент Мишель Аун Қорғаныс және Ішкі істер министрінен Бейруттағы жағдайды қалпына келтіруді бұйырды.

Айта кетейік, Ливанда билікке қарсы наразылық үш айдан бері жалғасып келеді. Толқуларға елдегі сыбайлас жемқорлық себеп. Осының салдарынан Ливанның сыртқы қарызы шамадан тыс артып, халықтың тұрмысы нашарлап кеткен. Қазан айының соңында премьер-министр Саад Харири отставкаға кетті. Бірақ содан бері үкімет жасақталмаған. Осыған байланысты халық биліктен жаңа үкіметті тез арада құрып, ел экономикасын құтқару үшін реформа жүргізуді талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы