379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ханзада Гарри мен Меган Марклге Корольдік ақша бермейді

  • 259
  • UPD: 18:51, 19.01.2020

Ұлыбритания ханзадасы Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл енді патша әулетіне тән лауазымдарын пайдаланбайды және мемлекет қазынасынан ақша алмайды.

Бұл туралы Букингем Сарайы мәлімдеді. Жаңа тәртіп биыл көктемнен бастап күшіне енбек. Осылайша патшайым Елизавета екіншінің әулеті қос жұптың өтінішін қанағаттандырды. Бірақ Гарри мен Меган Маркл «Сассекс герцогы және герцогинясы» деген атақтарын сақтап қалады.

Еске сала кетейік, ханзада мен оның әйелі корольдік отбасындағы өкілеттерінен бас тартатыны туралы өткен аптада мәлімдеген. Олар бұл бастамаларын Елизавета екінші патшайымға қолдау білдіре отырып, Ұлыбритания мен Канада арасында дербес өмір сүруге ниетті екендіктерімен түсіндірген еді.

Хабар 24 телеарнасы