426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та дәстүрлі әйелдер шеруі өтті

  • 222
  • UPD: 17:34, 19.01.2020
АҚШ-та дәстүрлі әйелдер шеруі өтті

АҚШ-та әйелдер дүрлікті. Демократияның бастауы дейтін алып елде әйелдер өз теңдігін талап етіп жатыр. Тек ел астанасы емес, Нью-Йорк, Лос-Анджелес сынды ірі қалалардың өзінде қарақұрым ел жиылып, шу көтерді.

Осымен төртінші жыл ұйымдастырылып отырған шеруге саясаткерлер де қатысты. Жиылған көпшілік тек гендерлік саясат емес, иммиграциялық жүйе мен денсаулық сақтау саласын реформалауды талап етті.

Айта кетейік, әйелдер шеруі алғаш рет бұрнағы жылы Дональд Трамптың ұлықтауынан кейін өткен. Ол кезде қыз-келіншектердің ашуына тигені Президенттің мәлімдемесі.

Хабар 24 телеарнасы