443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алжирде автобустардың соқтығысуынан 12 адам қаза тапты

  • 192
  • UPD: 19:42, 19.01.2020
Алжирде автобустардың соқтығысуынан 12 адам қаза тапты

Алжирде жолаушылар мінген екі автобустың соқтығысуынан 12 адам қаза тапты.

Оқыс оқиға Эль-Уэд провинциясындағы Сатыль қалашығының маңында болған. Азаматтық қорғаныс қызметі өкілдерінің алдын ала мәліметтері бойынша жол апаты салдарынан 46 жолаушы жарақат алған. Олар жергілікті медициналық мекемелерге жеткізілді. Қоғамдық көліктер соқтығысуының себеп-салдарын оқиға орнына келген алжирлік прокуратураның тергеушілері анықтайтын болады.

Mosaique FM

Хабар 24 телеарнасы