427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея жылына 120 келі уран өндіретін болады – Генерал

  • 656
  • UPD: 23:05, 19.01.2020

Оңтүстік Корея оппозициясы биліктің Корея Халық Демократиялық Республикасымен жақындасу саясатына қарсы.

Бұл мәселе Сеулде өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі съезде көтерілді. Отставкадағы генералдар мен адмиралдар қауымдастығы президент Мун Дже Инның Пхеньянмен жақын араласуы оңтүстіккореялықтарға қауіп деп санайды. Себебі Солтүстік Кореяның ядролық қару саясатын доғаратын түрі жоқ. Қайта күшейте түскен. Отставкадағы генерал Шин Вон Сиктің айтуынша, Солтүстік Кореяда алпысқа жуық ядролық зымыран бар әрі мұндай оқтұмсықтың жыл сайын он бесін жасай алатын өндіріс жұмыс істеп тұр. Сондықтан мұның арты жақсылыққа апармайды. Вон Шик бұл ретте  Оңтүстік Корея АҚШ-пен әскери одақтан бас тартпауы керек деген пайымда.

Шин Вон Сик, отставкадағы генерал:

- Оңтүстік Кореяның Солтүстік Кореяның сүңгуір қайықтарынан ұшыратын зымырандарына қарсы тұрар еш қаруы жоқ. Сондықтан Оңтүстік Кореяға Гуам және Гавай аралдары тұсынан қауіп төнбесі үшін АҚШ-пен одақ қажет. КХДР жылына алты келі плутоний мен сексен келіге дейін жоғары байытылған уран өндіреді. Әзірге Солтүстік Кореяда уран байыту үшін бір қондырғы бар, ол қырық келі өндіреді. Көп ұзамай бұл қондырғылар саны үшеуге жетеді деген ақпарат бар. Яғни Солтүстік жылына жүз жиырма келіге дейін уран өндіретін болады.

Хабар 24 телеарнасы