426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гватемалада мигранттар әскерилермен қақтығысты

  • 406
  • UPD: 20:55, 19.01.2020
Гватемалада мигранттар әскерилермен қақтығысты

Гватемаланың Мексикамен шекарасына жүздеген мигрант жиналып, босқындар керуені құрылып жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, Текун-Уман қаласындағы Сучиате өзені арқылы өтетін бақылау бекетінде 2 жарым мыңнан астам босқын шоғырланған.

Келімсектер легінің көбеюіне байланысты полиция шекарадан өтетін орынды уақытша жауып тастады. Соның салдарын шекараны күзеткен әскерилер мен мигранттар арасында қақтығыс болды.

Айта кетейік, бұған дейін Мексика президенті мигранттар керуенін жіті бақылап отырғанын айтып, ел аумағына кірген босқындарға жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеген. 

Мануэль Мораль, гондурастық мигрант:

- Мигранттар керуенінде қақтығыстар көп болады. Сондықтан көп босқынның арасында жүрмей шекарадан жеке өзің өтуге тырысқан жөн деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы