375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та сиыр сүті өтпей жатыр

  • 174
  • UPD: 22:48, 19.01.2020

Сол себепті фермалар жабыла бастаған. Өйткені тұрғындардың көбі дәстүрлі ас-судың құрамын өзгертуге әуес. Сосын көмірқышқылы мен қанты көп азық-түліктен де бас тартушылар көбейген.

«Washington Life» және «DC Metro MagazineІ журналдарының ас-суға байланысты айдары көпшілікке танымал. Онда тағам тану үрдістері, Американың әйгілі аспаздарының шеберлік құпиялары және осы ас дайындауға байланысты түрлі тақырыптар қамтылады. 

Джордан Райт, публицист:

- Қазір АҚШ тұрғындарының тамақтануында біраз өзгерістер болып жатыр. Тұтынушылар жергілікті өнімдерді алуға құштар. Аспаздар фермерлерге тікелей тапсырыс беруге көшкен. Мұндай үрдіс бүкіл ел аумағын қамтып жатыр десем қателеспеймін.

Джордан Райттың әулеті шоу бизнесте танымал. Бірақ  осыған қарамастан Райт ханым тамақтану саласына ден қойып, ас ішу, аспаздар шеберлігі сияқты мақалалар жазуды кәсібіне айналдырған.

Джордан Райт, публицист:

- АҚШ-та сиыр сүтінің сатылымы төмендеп, көптеген фермалар жабылып жатыр. Адамдар сұлы жармасы, бадам, соя сынды дақылдардың сүтін сатып алуға көшкен. Тұрғындар олар сиыр сүтіне қарағанда пайдалы деп санайды.

Халықтың мұндай алаңдаушылығын түсінуге болады - дейді Джордан Райт. Себебі, елде қант диабетімен ауыратын адамдардың саны көбейген. АҚШ-та әр бесінші бала осындай дертке шалдыққан.

Джордан Райт, публицист:

- Американдықтарда холестерин мөлшерінің шамадан тыс артуы байқалады. Халықтың біраз бөлігі әлі күнге дейін тез дайындалатын тағам жейді. Тіпті тамақ дайындай алмайтын ұрпақ пайда болды. Өйткені ата-аналар  жұмыстан қолдары босамай балалары осындай шала дайындалған өнімдерді пайдаланып үйреніп қалған. Ал уақытты үнемдеу үшін жасалынған тағамның бәрі денсаулыққа зиян.

Райт ханым денсаулықтың мықты болуы ең алдымен дұрыс тамақтануға байланысты дейді. Осы ретте пайдалы ас әзірлеу үшін қымбат немесе экзотикалық өнімді сатып алудың еш қажеті жоқ екенін айтады.

Авторлары: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров

Хабар 24 телеарнасы