376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иордания парламенті Израильден газ тасымалдауға тыйым салды

  • 167
  • UPD: 08:06, 20.01.2020
Иордания парламенті Израильден газ тасымалдауға тыйым салды

Иордания парламенті Израильден газ импорттауға тыйым салатын қарар қабылдап, үкіметке тиісті заң жобасын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселе 2016 жылы қол қойылған келісімшартқа байланысты болып отыр. Ол кезде Иорданияның Ұлттық энергетикалық компаниясы Американың «Noble Energy» бірлестігімен құны 10 миллион доллар болатын газ тасымалдау туралы келісмге қол қойған. Көгілдір отын Израильдің Левиафан кен орынынан жеткізілуі тиіс еді. Бірақ ондағы халықтың басым бөлігі палестиналықтар болғандықтан, құжат Иодания ішінде көп наразылық туғызды. Ал жақында Амманда ірі шерулер өтті.

Хабар 24 телеарнасы