379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық әнші сахнада көз жұмды

  • 181
  • UPD: 09:41, 20.01.2020
Америкалық әнші сахнада көз жұмды

Америкалық әнші Дэвид Олни Флоридада өтіп жатқан концерт кезінде сахнада көз жұмды.

Ол 70 жаста еді.

Бұл туралы музыканттың досы Эми Ригби Facebook парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Олни концертте үшінші әнін орындап тұрғанда халықтан кешірім сұрап, ән айтуды тоқтатқан. Ол қолындағы гитарасымен орындықта отырған күйі қайтыс болды.

Дэвид Олни 1948 жылы Провиденсе қаласында (Род-Айленд) дүниеге келген. 1973 жылы өзінің тобын құрды.

Хабар 24 телеарнасы