377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде жануарларды сабағандарға қандай жаза қолданылады

  • 121
  • UPD: 12:14, 20.01.2020

Израильде жануарлар құқығын қорғайтын бір емес бірқатар заң жүйелері бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды таяқпен сабаған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Цвиканың мамандығы бір қарағанда қызық көрінеді. Ол Голливуд фильміндегідей тергеу жұмыстарымен айналысады. Бірақ қозғайтын істері жануарларға ғана қатысты. Яғни жоғалған төрт аяқтыларды іздеп табу бойынша детектив.

Цвика Таммуз, үй жануарларын іздестіру бойынша детектив:

– Жанураларды әр түрлі жерлерден тауып жатамыз. Көбінесе палестиндік территориядан бір-ақ шығады. Мұндай жағдайда полицияның араласуымен Израильге кері қайтарып аламыз.

Израильде жануарларды ұрлау қылмысы етек жайған. Оның қатарында асыл тұқымды иттерді түрлі жарыстарға қатыстыру үшін немесе аттарды қара жұмысқа салу үшін қолды қылып жатады.

Цвика Таммуз, үй жануарларын іздестіру бойынша детектив:

– Ұрлап кеткен жылқы, есектерді бір сөзбен айтқанда құлдыққа алады. Дұрыс жем-шөбін бермей, қара жұмысқа жегіп салады. Мына атты осылай таптық. Ауыр металдары бар арбаны тасып барады екен. Үсті-басында жарақаттар болды.

Жалпы Израильде жануарлар құқығы бірнеше заңмен қорғалады. Ал оларды ұрып-соққан адам темір торға қамалады. Қазір полиция қызметкерлері Ришон-Ле-Цион қаласында мысықтарды жаппай өлтіру ісін тергеп жатыр. Жануарларды аса қатыгездікпен таяққа жыққаны анықталды. Егер қылмыскерлер қолға түссе, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Гилад Сегев, мал дәргері:

– Бізге түрлі жарақаты бар ит пен мысықтарды әкеледі. Әрине, жағдайға қараймыз. Жануар кейде өздері жарақаттанып қалуы мүмкін. Ал қатыгездікті байқаған жағдайда бірден полицияға хабарлаймыз.

Израилде көшеде жүрген иттерді кездестірмейсіз. Өйткені оларды бірден арнайы орталықтар алып кетіп, иелеріне қайтарады. Ал көше мысықтары болса жетерлік. Десе де, олар заңмен қорғалған. Ветеринарлар ұрғашыларын зарарсыздандырған соң, қайта көшеге босатып жіберуге міндетті.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы