425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехияда мүмкіндігі шектеулі жандар үйі өртенді

  • 409
  • UPD: 13:16, 20.01.2020
Чехияда мүмкіндігі шектеулі жандар үйі өртенді

Чехиядағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үй отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 8 адам көз жұмды. Тағы 30-ға жуық азамат жарақат алды. Олардың арасында полиция қызметкері де бар. Зардап шеккендер бірден дәрігерлердің қолына табысталған. Оқыс оқиға ел астанасы Прагадан 130 шақырым жердегі Вейпрти қаласында болған. Өрт таңғы уақытта басталған. Алайда оған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір құтқарушылар мен мамандар өрттің себебін анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы