378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде бес адам қайнаған суға күйіп көз жұмды

  • 150
  • UPD: 18:03, 20.01.2020
Ресейде бес адам қайнаған суға күйіп көз жұмды

Ресейдің Пермь қаласында шағын қонақ үйде құбыр жарылып, 5 адам қайнаған суға күйіп, қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында бір бала бар. Тағы 6 адам ауруханаға жеткізілді. Бір әйелдің жағдайы ауыр. Оның денесінің 35%-ін күйік шалған. Шағын қонақ үй тұрғын үйдің жертөлесінде орналасқан екен. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұнда эвакуациялық шығу есігі болмаса керек. Құбырдың нақты неден жарылғаны әзірге белгісіз. Төтенше оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қонақ үйде соңғы рет былтыр ақпанда тексеру жүргізілген екен. Ол кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 10 дерегі тіркеліпті.

Андрей Олин, РФ Тергеу комитетінің өкілі:

- Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Оқыс оқиға себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады.

Хабар 24 телеарнасы