435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда қауіпті вирусты жұқтырғандар саны артып барады

  • 407
  • UPD: 10:12, 21.01.2020

Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған тағы 139 адам анықталды. Олардың 136-ісі Ухань қаласында тіркеліпті. Қазір аурудың осы жаңа түрін Ухань коронавирусы деп те атап жүр.

Бейжіңде бұл дертті 2 адам, Шэньчжэнь қаласында бір адам жұқтырды. Бейжің қаласындағы науқастар жақында Ухань қаласына барып келгені белгілі. Ал вирус тарай бастаған осы қалада сырқаттан 3 адам қайтыс болып, 44 адам ауыр хәлде ауруханада жатыр. Қытайда 26 маманнан тұратын медициналық комиссия құрылды. Елдің ғылыми мекемелерінде зерттеулер жүріп жатыр. Әуежайлар, теміржол, теңіз және автовокзалдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді, дене қызуы байқалатын жолаушыларды ауруханаға тексеруге жіберіп жатыр. Сондай-ақ, базарлар мен адам көп болатын орындарда санитарлық бақылау орнатылып, тірі құс сатуға және бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынды. 

Ли Ган, Ухань қаласының ауруларды бақылау орталығының жетекшісі:

- Науқастардың бәрінде аурудың бірдей белгілері байқалады. Біз олармен қатынасқан 763 адамды бақыладық, 681-і карантиннен босатылды. Олардың ешқайсысына дерт жұққан жоқ. Тиімді шаралар қабылдап, сырқаттың таралуына тосқауыл қоя аламыз. Зертеулердің алғашқы нәтижелеріне қарағанда, бұл вирустың адамнан адамға жұғу қауіпі төмен. Бірақ ондай мүмкіндікті де қарастыруға тиіспіз.

Хабар 24 телеарнасы