376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп импичментке қатысты жауап берді

  • 126
  • UPD: 10:10, 21.01.2020

АҚШ Президенті Дональд Трамп импичмент ісіне қатысты айыптаулардың негізсіз екенін айтты. Ақ Үй басшысы жасаған мәлімдемесінде Сенаттағы тергеуді дереу арада тоқтатып, президентті ақтап алуды тапсырды.

Трамптың айтуынша, өкілдер палатасы айтып отырған «билікті асыра пайдалану» жаласы импичментті талап ететіндей қылмыс емес. Сондай-ақ Трамп бүгінге дейін өзінің заңды құқығы аясында қызмет етіп келе жатқанын жеткізді. Еске сала кетейік, бұған дейін өкілдер палатасы АҚШ-тың 45-президентіне қатысты импичменттің айғақтарын Сенатқа жолдаған еді. Ізінше комитет президент лауазымын асыра пайдаланып, украиндық билікке қысым көрсетті деген айып тағылған 111 беттік құжатты жариялады. Сенаттағы импичментке қатысты тергеу 16 қаңтар күні басталды.

Хабар 24 телеарнасы