376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

  • 194
  • UPD: 09:58, 21.01.2020
Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті parliament.gov.uz

Өзбекстан үкіметі Олий Мажлистің (парламенттің төменгі палатасы) жаңа құрамының алдында өз өкілеттігін тоқтатты.

Бұл туралы төменгі палатаның баспасөз қызметі хабарлайды. Министрлер кабинеті өкілдерінің өкілеттігі Өзбекстан Республикасы Конституциясының 98-бабына сәйкес тоқтатылғаны хабарланды.

Бұл құрам жаңа құрам тағайындалғанға дейін жұмысын жалғастыратын болады.

Белгілі болғандай, жаңа премьер-министрдің кандидатурасы 21 қаңтарда өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында қаралады.

Хабар 24 телеарнасы