375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде өрт 10 адамның өмірін жалмады

  • 128
  • UPD: 11:57, 21.01.2020
Ресейде өрт 10 адамның өмірін жалмады

Томск облысына қарасты Причулымск ауылында бір қабатты ағаш үй отқа оранып, 10 адам қаза тапты.

Бұл туралы Ресейдің ТЖД хабарлады. Өрттің шығуы туралы хабарлама таңғы сағат 4.05 келіп түскен. Ал сағат 6.35-тер шамасында апаттың беті қайтты. Қызыл жалын 208 шаршы метр аумақты шарпыған. Жанып кеткен ғимараттан 10 адамның мүрдесі табылды, 3 адам қорғанып үлгерген.

Мамандардың айтуынша, марқұмдар Өзбекстан азаматтары.

Өртпен күресуге 19 адам мен 6 техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы