420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бангкокті түтін тұмшалады

  • 341
  • UPD: 11:08, 21.01.2020
Бангкокті түтін тұмшалады

Таиланд астанасы Бангкокты көк түтін тұмшалады. Ауадағы зиянды заттардың мөлшері тиісті межеден асып кеткен.

Мамандардың айтуынша, экологиялық ахуалдың нашарлауына демалыс күндері көліктің көп қатынауы себеп болған. Бұл аздай, жел соқпай, жағдай одан бетер ушығып кеткен. Осы ретте билік тыныс алу жолдары және жүрек аурулары бар тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес беріп отыр. Қытай астанасы Бейжіңде ұқсас жағдай. Шаһардың кейбір аудандарында ауадағы зиянды заттардың мөлшері рұқсат етілген межеден 14 есе асып кетсе керек. 

БЛИЦ:

- Үйде есік-терезенің бәрін қымтап, жауып отыратын болдық. Өйткені тыныс алу мүмкін емес.

- Айналаның бәрі көк түтін. Ғимараттарды көру мүмкін емес. Мұндай жағдайда ештеңеге алаңдамай, қалай бейқам отыруға болады?

Хабар 24 телеарнасы