476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Корея тұрғындары Ормуз бұғазына әскер жіберуге қарсы шықты

  • 737
  • UPD: 17:02, 21.01.2020

Сеулде Ормуз бұғазына әскер жіберуге қарсы наразылық шеру өтті. АҚШ елшілігі алдында өткен бұл шараға үкіметтік емес ұйымдардың жүздеген белсендісі қатысты.

Олар Мун Чже Ин әкімшілігін АҚШ пен Иран арасындағы жанжалға араласпауға шақырып отыр. Шерушілер ирандық генерал Сүлейманидің өлтірілуін әскери әрекет, ал Дональд Трамп қимылын халықаралық құқықты бұзу деп атаған. Бұл шиеленіс бейбіт келіссөздермен шешілуі тиіс деп санайды. Ал Президент көмекшісі Но Ён Мин, Оңтүстік Корея өз әскери кемелерін Ормуз бұғазына жіберу мүмкіндігін қарастырып отырғанын хабарлады. Оның айтуынша, Оңтүстік Кореяда тұтынылатын мұнайдың 70 пайызы Ормуз бұғазынан түседі, сол себептен ел кемелерін теңіз қарақшылығы мен өзге қауіптерден қорғау маңызды болып тұр. 

Ким Джи Юн, жұмысшылар ынтымақтастығы қозғалысының белсендісі:

- Таяу Шығыстағы соғыс бейбіт тұрғындардың өмірінің шырқын бұзып, көптеген адам босып кетті. Осы жойқын әрекетті доғаруымыз қажет. Күнәсі жоқ миллиондаған адамның қанымен бейбітішілік пен қауіпсіздікке жете алмаймыз. Әскерімізді жіберу аймақтағы жағдайды тұрақтандырмайды. Екі Корея арасында соғыс басталғанына 70 жыл өтті, бізге жаңа жанжал керек емес.

Хабар 24 телеарнасы