381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тель-Авивте Ван Гогтың көрмесі ашылды

  • 130
  • UPD: 15:09, 21.01.2020

Әлемдегі ең әйгілі суретшілердің бірі - Винсент Ван Гогтың көрмесі Тель-Авивте ашылды. Бірақ онда нақты суреттер қойылмаған. Цифрлы Ван Гог деп аталатын экспозицияның ұйымдастырушылары хас шебердің туындыларын жұртқа көрсету үшін озық технологияларды қолданды.

19-ғасырдың өнерін 21-ғасырдың мультимедиалық технологияларымен түйістірген бұл көрме Бельгияда дайындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өнер танудың жаңа әдісі. 3Д технологиялардың көмегімен суреттерге жаңадан жан бітірмекші.

Ван Гог қылқаламынан 2 мыңнан аса туынды шыққан болатын. Олардың бәрін бір мезгілде көрмеге қою мүмкін емес, көптеген суреттер жеке меншік жиынтықтарда сақталып келеді. Алайда мұндағы цифрлық технологиялардың арқасында ұлы суретшінің бүкіл шығармаларын көруге болады.

Юрий Лещев, көрме кураторы:

- Ондаған жылдар бойы Ван Гог өнеріне қызуғышылық бәсеңдеген емес. Ол әлем өнері тарихындағы ең айтулы тұлғалардың бірі. Технологиялардың дамуымен Ван Гог туындыларын өзге әдістермен көрсетуге болады.

Көрменің түрі де ерекше. Қабырғаларға ілінген суреттерді көрмейсің. Қабырғаларда тұрғанның өзінде суреттер бір-бірін ауыстырып тұрады.

Дуди Беркович, көрме продюсері:

- Өзінің ұзаққа созылмаған өнер жолында Ван Гог салған барлық суретті осында көруге болады. Біз бұл үшін арнайы жеке павильон салдық. Ескі бөлмелер біздің талаптармызға сай келген жоқ.

Экспозицияның ерекше бір бөлімі «виртуалды шынайылық» деп аталады. Мұндайды кәдімгі сурет галереяларында таба алмайсыз. Өзіңді суретші тұрған Прованс аймағында жүргендей сезінесің. Бұл пейзаждар да Ван Гог суреттерінің негізінде жасалған. Осының арқасында әлемдегі ең атышулы суретшінің ішкі дүниесін тануға жол ашылады.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы