375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде өрт салдарынан Өзбекстан азаматтары қайтыс болды

  • 171
  • UPD: 19:51, 21.01.2020
Ресейде өрт салдарынан Өзбекстан азаматтары қайтыс болды

Ресейдің Томск облысында өрт салдарынан 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмның 10-ы – Өзбекстан азаматы. Өрт бір қабатты ғимаратта шыққан. Онда ағаш өңдейтін кәсіпорын қызметкерлері тұрып жатқан екен. Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жауға электр жылытқышының ақауы себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ ғимарат терезелерінде темір торлар тұрыпты. Бұл адамдардың сыртқа шығуына кедергі етсе керек. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амаладары жүріп жатыр.

Евгений Пинчуков, РФ төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі:

– Үйінділерді аршығанда, 11 адамның жансыз денесі табылды. 2 адам өз беттерінше сыртқа шығып, аман қалған. Өрт 208 шаршы метр аумақты шарпыған.

Хабар 24 телеарнасы