427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда «Глория» дауылынан төрт адам көз жұмды

  • 517
  • UPD: 08:37, 22.01.2020
Испанияда «Глория» дауылынан төрт адам көз жұмды

Испанияның солтүстік-шығысы мен Балеар аралдарында «Глория» дауылы соғып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда ұйытқыған желдің  жылдамдығы сағатына 115 шақырымға жеткен. Ал теңіздегі толқынның биіктігі 8 метрден асыпты. Сондай-ақ дүлей дауылдың кесірінен аймақта қар жауып, ауа температурасы төмендеп кеткен. Қолайсыз ауа райына байланысты 30-дан астам провинцияда ескерту жарияланды. Алапат дауылдан көлік қозғалысы қиындап, жүздеген жол жабылған. Бұған қоса, Аликанте әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды. Валенсия мен Гандиядағы порттар да әзірге жабық.

Хабар 24 телеарнасы