376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан шыққан жаңа қауіпті вирус АҚШ-қа жетті

  • 310
  • UPD: 10:58, 22.01.2020

Вашингтон штатының тұрғыны қаңтардың 15-і күні Қытайға сапармен барып келген соң ыстығы көтеріліп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аурханаға жеткізілген 30 жастағы жігіттен дәрігерлер қауіпті вирусты анықтады. Әзірге науқастың халі қандай жағдай екені белгісіз. Осы оқиғадан кейін АҚШ әуежайларында аспан асты елінен келген жолаушыларды тексеру күшейтілді.

Скотт Линдквист, дәрігер-эпидемиолог:

Бұл жаңа вирус. Сондықтан науқас оған қай кезде шалдыққанын дөп басып айта алмаймыз. Қазір қауіпті індет зерттеліп жатыр. Бізде бұл вирус туралы көп ақпарат жоқ.

Айта кетейік, өкпенің қабынуына ұқсайтын коронавирус алғаш рет желтоқсан айында Ухань қаласында пайда болды. Осыдан кейін індет Бейжің мен Шанхайға таралып, Оңтүстік Корея, Таиланд және Жапонияда да анықталды. Қытайдың өзінде қауіпті дертті қазірге дейін 300-ге жуық тұрғын жұқтырған. Олардың 51-і ауыр халде жатыр. 6 адам көз жұмды. Дәрігерлер жаңа вирус адамнан адамға жұғатынын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы