379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда егіс алқаптары миналардан тазартылып жатыр

  • 113
  • UPD: 10:40, 22.01.2020
Вьетнамда егіс алқаптары миналардан тазартылып жатыр

Вьетнамда соғыс аяқталғалы ұзақ жыл өтсе де, көптеген провинцияда әлі күнге дейін миналар жарылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің хабарлауынша, олар ел аумағының 80%-іне қойылған. Сондықтан мұнда тұрғындардың жарақат алу жағдайлары жиі болып жатады. Мамандар тазарту жұмыстарына әлі біраз жыл керектігін айтады. Ал тұрмысы төмен отбасылар негізінен ауыл шаруашылығының арқасында күн көреді. Бірақ көбі қауіпсіздігіне алаңдап, «егістік алқаптарын жөнді пайдалана алмаймыз», дейді. Осы ретте вьетнамдық фермерлерге америкалық волонтерлер ұйымы миналарды залалсыздандыру бойынша көмектесе бастаған.

Нгуен Ван Тхьеп, фермер:

- Біз күріш және батат, яғни тәтті картоп өсіреміз. Алайда өнім аз шығатын. Өйткені жер жырта алмайтын едік. Себебі барлық жерге миналар қойылған. Алайда, волонтерлердің арқасында енді егістік алқаптарында қауіпсіздігіміз үшін еш алаңдамай, емін-еркін жұмыс істейтін болдық.

Хабар 24 телеарнасы