377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем елдері әуежайлардағы жолаушылар тексерісін күшейтіп жатыр

  • 146
  • UPD: 12:29, 22.01.2020

Коронавирустан көз жұмғандардың саны артты. Соңғы деректер бойынша белгісіз індеттен тоғыз адам ажал құшқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ жаһан жұртшылығын алаңдатқан қауіпті вирус АҚШ-қа жетіпті. Қытайға іссапармен барып келген азамат коронавирус белгілері анықталған. Жалпы бүгінде белгісіз індет фактілері Оңтүстік Корея, Жапония, Таиланд, Сингапур елдерінде тіркелді. Ұлт саулығына алаңдаған әлем елдері әуежайда жолаушылар тексерісін күшейтіп жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл отырысты бүгін өткізеді. Ал, жергілікті мамандар бұл вирусты жұқтырған 19 науқасты емдеп жазғанын айтады.

 

Қытайдан шыққан жаңа қауіпті вирус АҚШ-қа жетті

Вашингтон штатының тұрғыны қаңтардың 15-і күні Қытайға іссапармен барып келген соң ыстығы көтеріліп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Аурханаға жеткізілген 30 жастағы жігіттен дәрігерлер сараптама қорытындысы бойынша коронавирустың жаңа түрін анықтады. Әзірге науқастың қал-жағдайы белгісіз. Жергілікті билік тұрғындарды у-шу шығармай, сабырда болуға шақырды.

Джей Инсли, Вашингтон губернаторы:

-Әлем бойынша жаңа вирустың өршіп жатқанын естіген халық қазір қорқып отыр. Дегенмен, штат басшысы ретінде айтарым, алаңдауға негіз жоқ. Вашингтон штаты үшін коронавирусты жаппай жұқтырудың қауіптілігі өте төмен. Бастысы мұқият болып, денсаулықты күтіп қарау қажет. Осы оқиғадан кейін әуежайлардағы тексерістерді күшейтіп жатырмыз.

 

Әуежайларда тексеріс күшейтілді

Губернатор айтпақшы, қазір әлем елдерінің басым бөлігі Қытайдан келетін рейс жолаушыларын жаппай тексеріп жатыр. Сондай-ақ туристерге Ухань және Қытайдың орталық қалаларына саяхаттап бармауға кеңес берілуде. Өйткені коронавирусты жұқтырғандардың басым бөлігі осы қалада болғандар. Еуропалық әуежайларда тепловизор құрылғысы арқылы Қытайдан келген жолаушылардың температурасын анықтайды. Жылына Қытайдан 1,5 миллион туристі қабылдайтын Ресей елі де қауіпсіздік деңгейін күшейткен. Шереметьево, Внуково және Екатеринбург пен Иркутсктағы әуежайларда жолаушыларды ұшақтан шықпай тұрып, тексеріп жатыр. Қазақстандағы Алматы халықаралық әуежайы да Қытайден қонған рейс жолушыларын құрылғы арқылы тексерістен өткізді.

Рыскүл Мирманова, Алматы халықаралық әуежайы карантиндік бақылау бөлімінің басшысы:

-Қытай Халық Республикасынан келген жолаушылармен тілдесіп жатырмыз. Сондай-ақ тепловиздік камералар арқылы температураларын өлшеудеміз. Егер қандай-да белгілер анықталса, жолаушыны басқа азамттардан бөлек бөлмеге орналастырамыз. Содан соң бірден карантин бөлімі мен Денсаулық сақтау басқармасына хабрласамыз.

 

Қытайда коронавирустан 9 адам көз жұмды

Қытай билігі құрбандардың саны артқанын хабарлады. Соңғы деректер бойынша белгісіз әрі қауіпті вирус 9 адамның өмірін әкеткен. Ал, коронавирусты жұқтырғандардың саны 440 адамға бірақ жеткен. Дүиежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ушыққан жағдайға байланысты бүгін шұғыл отырыс өткізеді. Халықаралық ұйым коронавирустан келетін қауіпті Эбола безгегі немесе шошқа тұмауымен теңеп отыр. Бүгінгі жиында белгісіз вирусқа байланысты төтенше жағдай енгізу, енгізбеуі жайды сөз қозғалмақ.

Тарик Джасаревич, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз хатшысы:

-Қолда бар мәліметке қарағанда бұл вирус жануардан тараған. Тыныс алу жүйелерімен байланысты аурулар және өзге де коронавирустармен байланысты тәжірибелерге, Қытайдан алынған ақпаратқа сүйене отырып, бұл вирустың адамнан адамға жұғатыны анықатылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы