375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда «Глория» дауылы ойран салды

  • 175
Испанияда «Глория» дауылы ойран салды

Испанияда осымен үшінші күн соғып жатқан «Глория» дауылынан 5 адам қаза тауып, 25 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған желден ең алдымен елдің шығыс жағалауындағы өңірлер көп зардап шеккен. Дүлей жел жолындағы ағаш пен электр бағаналарын құлатып, көліктерді төңкеріп тастады. 200 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Ондаған ірі тас жол жабылып, пойыздар кешігіп жүріп жатыр. Табиғат апатына байланысты су тасқыны қаупі күшейді. Соңғы мәліметке қарағанда дауыл қазір Францияның оңтүстігіне қарай ойысқан.

Хабар 24 телеарнасы