375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда жаңа Үкімет наразылықты тоқтата алмады

  • 130
  • UPD: 14:27, 22.01.2020

Бірнеше айдан бері толқулардан көз ашпаған Ливанда жаңа Үкімет құрылымдалды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Премьер-министр Хасан Диаб жаңа министрлер кабинеті шерушілердің талабын қанағаттандырып, елді экономикалық дағдарыстан алып шығады деп мәлімдеді. Алайда Диабтың үндеуі наразылық акциясын тоқтата алған жоқ. Жаңа үкімет жасақтала салысымен Парламент алдында тағы шеру өтіп, полициямен қақтығыс болды. 10 адам жарақат алды. Халық Үкіметке бұрынғы билікпен байланысты тұлғалар кірді деп оларды отставкаға жіберуді сұрап жатыр.

Рабих әл-Зейн, шеруші:

– Бұл Үкімет біздің мүддемізді ескерліп жасақталған жоқ. Біз өз Үкіметімізді құрып, ұрланған ақшаны кері қайтаруды, барлығын қолжетімді денсаулық сақтаумен қамтамасыз етуді қалаймыз. Елде мерзімнен тыс парламенттік сайлау өткізу қажет.

Ливанда билікке қарсы наразылық үш айдан бері жалғасып келеді. Мұндай толқуларға елдегі сыбайлас жемқорлық себеп. Ливанның сыртқы қарызы шамадан тыс артып, халықтың тұрмысы нашарлап кеткен. Қазан айының соңында премьер-министр Саад Харири отставкаға кетіп, мемлекет бірнеше айдан бері үкіметсіз өмір сүріп келді. 

Хабар 24 телеарнасы