375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Amazon басшысы қайтадан әлемдегі ең бай адам атағына ие болды

  • 236
  • UPD: 14:40, 22.01.2020
Amazon басшысы қайтадан әлемдегі ең бай адам атағына ие болды

Джефф Безос әлемдегі ең бай адамдар тізімінде тағы көш бастап тұр, деп хабарлады Forbes.

Америкалық Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос қайтадан әлемдегі ең бай адам болды. Миллиардер осы тізімдегі көшбасшылығынан үш күн бұрын ғана төмен түсіп қалған болатын.

Қазір Безостың қаржылық жағдайы 116,1 миллиард долларға бағаланады. Ол үш күннің ішінде компания акцияларының өсуіне байланысты 489 миллионға көбейген.

Айта кетсек, бұған дейін Джефф Безостың орнын Louis Vuitton және Dior компанияларының иесі Бернар Арно басып, әлемдегі ең бай адам атағына ие болғанын хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы