375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан дүниежүзілік білім форумына қатысты

  • 139
  • UPD: 17:53, 22.01.2020

Ұлыбритания астанасында дүниежүзілік білім беру форумында Қазақстан осы саладағы өзінің озық тәжірибелері және ой-пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

The Education World forum 2020-ның географиялық ауқымы кең. Оған әлемнің 95 елінен делегаттар қатысып жатыр. Яғни, жер шарының үштен екі бөлігі. Талқыға түскен тақырып нақты әрі қисыны бар: «Бір ұрпақ. білім жүйесін реформалау үшін не керек?». Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Қазақстанда білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бүгін, міне, еліміздегі реформа қалай жүзеге асып жатқандығы туралы тәжірибемен бөлісетін мүмкіндік туып отыр.

Мирас Дәуленов, ҚР білім және ғылым вице-министрі:

– Бізде жақсы тәжірибе бар. Ол Назарбаев зияткерлік мектептері, сондай-ақ аты әлемге мәшһүр республикалық физика-математикалық және басқа да мектептер. Осылайша біз 12 жылдық білім беруге көшуге қатысты тәжірибемізбен мақтана аламыз. Жоғары білім беретін оқу орындары туралы айтар болсақ, Қазақстанда шынымен де олардың саны көп. Дейтұрғанымен, халықаралық стандарттарға сай сапалы білім беретіндері де баршылық.

Ой-пікір алмасу туралы Ұлыбританияның білім министрі Гэвин Уильямсон да сахнадан айтып тұр. Әріптестік тек білім саласымен шектелмеуі керек. Сондай-ақ қауымдастықтармен, кәсіпқойлармен, қоғаммен және өнеркәсіппен тығыз байланыс орнауы ләзім.

Гэвин Уильямсон, Ұлыбритания білім министрі:

– Біз сарапшыларды іздеп тауып, ой бөлісеміз. Халықаралық деңгейде қарым-қатынас орнатуға әрдайым әзірміз. Өткен жылдың наурызында халықаралық білім беру стратегиясын қабылдадық. Оның әріптестікті дамытуға бағытталған өршіл мақсаты бар. Өздеріңізбен серіктес бола отырып, сіз де, біз де көп нәрсеге қол жеткіземіз.

Форум аясында жоғары оқу орындарын мемлекеттік қолдау мәселесі бойынша талқылау жүргізілді. Қазір Қазақстандағы ең үздік оқу орындарында Академиялық артықшылық орталықтарын құруға бағытталған бағдарлама жасалып жатыр. Соның арқасында оқу орындарының әлемдік рейтингтері көтеріліп, танымалдылығы артады және ғылымның дамуына ықпал етеді деген жоспар бар.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы