375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдегі өртке байланысты Өзбекстанда арнайы комиссия құрылды

  • 135
  • UPD: 17:52, 22.01.2020

Ресейдің Томск облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Өзбекстанда арнайы үкіметтік комиссия құрылды.

Мамандар өрттің нақты себебін анықтап, марқұмдардың отбасы мен зардап шеккендерге көмек көрсетуі тиіс.

Еске салсақ, таяуда Томск облысында бір қабатты ғимарат өртенген болатын. Салдарынан сонда тұрып жатқан 11 адам көз жұмған. Марқұмдардың оны Өзбекстан азаматы болып шықты. Олар ағаш дайындайтын кәсіпорында жұмыс істеген. Тағы екі өзбекстандық жарақат алып, ауруханаға түскен. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, от электр жылытқыштың ақауы кесірінен тұтанған.

Хабар 24 телеарнасы