375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар Ухань вирусына қарсы вакцина шығаруды көздеп отыр

  • 176
  • UPD: 20:31, 22.01.2020

Қытайдан шыққан қауіпті коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны күн сайын артып барады. Тіпті індет шекара асқан. Коронавирусты жұқтырғандар АҚШ, Гонконг, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Кореяда да тіркелді. Мамандар Ухань қаласынан шыққан коронавирустың жаңа түрі мутацияға ұшырап, індеттің одан әрі таралу қаупі бар екенін айтады. Әлем елдері осыған алаңдаулы. Қазір ғалымдар Құрама Штаттарда ауруға қарсы вакцина шығаруды көздеп отыр. 

Соңғы мәліметке сәйкес, Қытайдың Ухань қаласынан шыққан коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандардың саны 9-ға жетті. Ал, 470-тен астам адам осы індетті жұқтырғандардың қатарында. Бұл сан сағат сайын өзгеріп жатыр. Қытайдан бөлек, аталған дертке шалдығу фактілері АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Таиланд, Сингапур мен Гонконг елдерінде де тіркелді. Мамандар вирустың бұл түрін Қытайда 2003 жылы шыққан өкпе қабынуы ауруына ұқсастырып отыр. Бастапқыда вирус жабайы жануардан ғана таралса, қазір мутацияға ұшырап ауа арқылы адамнан адамға жұғуда. 

Ли Бинь, Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары: 

- Соңғы уақытта аталған індетті жұқтырғандар саны артып келеді. Ауру белгілері жайлы көбірек біле бастаған соң диагностика әдістері де жетілдірілуде. Тиісінше, диагностикалық реагенттер де дер кезінде бүкіл ел аумағына таратылып жатыр.

Вирустың тез таралуына қатысты әлем елдері алаңдаулы. Ұлт саулығына алаңдаған билік өкілдері әуежайда жолаушылар тексерісін күшейтіп жатыр. Мысалы Тайвань билігі болса өз азаматтарын Қытайға шығаруға сонымен қатар, Ухань қаласынан келгендерге де шекарадан өтуге тыйым салмақ. Ал Тайвань президенті Цай Инвэнь Қытай билігінен коронавирус жайында толық ақпарат беруді талап етіп отыр. 

Цай Инвэнь, Тайвань президенті:

- Қытай билігі Тайваньға халықаралық міндеттеме бойынша коронавирус жайында толық ақпарат беру керек. Бұл мәлімет қолжетімді болуы тиіс. Ешнәрсені жасырудың қажеті жоқ. Елде уақытша  туристік индустрияны шектеу керек.  

Вирус қытайдың 14 провинциясында тіркелді. Қазір бұл елдің дәріханаларында ұзын сонар кезек түзілген. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, халық жаппай бетперде сатып ала бастағандықтан, өңірде жетіспеушілік пайда болды. Оған қоса Қытайда Жаңа жыл мерекесі де жақындап қалды. Оған жаһанның түкпір түкпірінен қытайлықтар мен шет ел туристері келуді жоспарлап қойған. Ал мамандар вирустың мутациялау жылдамдығы шешек вирусына қарағанда жүз есе артық деп дабыл қағуда. 

КоронАвирустың кең етек жаюына қатысты бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл отырыс өткізуді жоспарлап отыр. Ал АҚШ-тың ұлттық денсаулық сақтау институтының мамандары коронавирусқа қарсы вакцина шығаруға білек сыбана кірісті. Болжам бойынша алғашқы клиникалық сынама тек бірнеше айдан соң өткізілсе, Вакцинаның өзі бір жылдан соң ғана қолжетімді болады.

Хабар 24 телеарнасы