379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда төтенше жағдай жарияланды

  • 152
  • UPD: 08:41, 23.01.2020
Испанияда төтенше жағдай жарияланды Интерфакс

Испания үкіметі климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар ел билігі көктемнің соңына дейін жаһандық жылынумен күрес бағдарламасын ұсынуға да уәде берді. Шенеуніктердің бұл шешіміне климатты қорғауға арналған жаппай шерулер түрткі болған. Осы орайда министрлер кабинеті экологияны қорғау бойынша 30 нақты қадам ұсынбақ. Жалпы 2050 жылға қарай Испания атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газын 100 процентке азайтуды көздеп отыр. Ол үшін алдағы 20 жыл ішінде мемлекет 95 процентке баламалы қуат көздеріне көшуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы