376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде үкіметтің жаңа құрамы бекітілді

  • 168
  • UPD: 10:17, 23.01.2020

Премьер-министр Михаил Мишустин Ресей президентіне министрлер кабинетін таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы министрлер кабинеті жартылай жаңартылды. Бұрынғы үкімет құрамындағы ең беделді министрлер - Сергей Лавров пен Сергей Шойгу өз қызметтерінде қалды. Вице-премьерлердің саны оннан тоғызға дейін қысқарды. Олардың жетеуі ауысты. Сарапшылардың пікірінше, жаңа кабинет бұрынғы үкіметтің қолынан келмеген міндеттерді атқаруы тиіс. Ең алдымен ұлттық жобаларды жүзеге асыруы қажет.

Владимир Путин, Ресей президенті:

– Ең басты міндетіміз – азаматтарымыздың әл-ауқатын көтеру, мемлекеттігімізді және еліміздің әлемдегі орнын күшейту болып тұр. Мұның бәрі қолдан толық келерлік іс.

Михаил Мишустин, Ресей премьер-министрі:

– Алдымызда тұрған міндеттер оңай емес екенін жақсы түсінеміз. Оны орындау үшін бар күшімізді саламыз. Сізбен кездесуіміз аяқталғаннан кейін, үкіметтің алғашқы отырысын өткізуді көздеп отырмыз. Онда үндеуіңізде белгіленген мақсаттарға жету шаралары мен күн тәртібіндегі өзге де мәселелерді талқылаймыз.

Президент қойған басты мақсат – 2021 жылға қарай ел экономикасының даму қарқынын әлемдегі орта деңгейге жеткізу. Ал сарапшылардың болжамынша, биылғы жылы бұл көрсеткіштің әлемдегі орта деңгейден екі есе төмен болатынын ескерсек, бұл – өте күрделі міндет. Саясаттанушы Дмитрий Журавлевтің пікірінше, үкімет жаңартылғанмен, елдің сыртқы және ішкі саясаты қатты өзгермейді, бұрынғысынша басымдық әлеуметтік салаға беріледі.

Дмитрий Журавлев, аймақтық мәселелер институтының бас директоры:

– Тұтыну деңгейі мен халықтың әл-ауқатын көтеру керек. Осылай экономиканың дамуына серпін беруге болады. Экономикамыз құрдымға түскен жоқ, бұл туралы қауесетті асырып айтып жүр. Дегенмен экономиканың өсіміне қатысты қиындықтар бар екені айқын.

Сондай-ақ Владимир Путин Солтүстік Кавказ істері бойынша министрлікті таратты. Осы өңірді дамытуға бағытталған бұл мекеме осыдан 6 жыл бұрын құрылған болатын.

Авторлары: Дана Нұржан, Дмитрий Настиченко

Хабар 24 телеарнасы