381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда «Глория» дауылынан 8 адам қаза тапты

  • 146
  • UPD: 10:06, 23.01.2020
Испанияда «Глория» дауылынан 8 адам қаза тапты

Испанияда «Глория» дауылынан қаза тапқандардың саны сегізге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы төрт тұрғын іс-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Дауылдың беті қайтқанымен, Каталонияда әлі толассыз жауын құйып тұр.

Айта кетейік, Испанияда төрт күн бұрын теңіз дауылы соққан еді. Салдарынан өңірде қарлы боран болып, жаңбыр жауды. Жел тұрып, толқын соқты. Бес елді мекеннің билігі төтенше жағдайға дайындықтың жоғарғы деңгейін жариялады. Шығыс жағалаудағы желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құраған. Теңіздегі толқын биіктігі 7 метрге дейін көтерілді. Бүгінде дауыл Валени, Аликанте, Ибица және Форментерада соғып жатыр. Испания үкіметі климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдай жариялады. Сонымен қатар ел билігі көктемнің соңына дейін жаһандық жылынумен күрес бағдарламасын ұсынуға да уәде берді.

Хабар 24 телеарнасы