376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде мұз құрсауынан 250 балықшы құтқарылды

  • 126
  • UPD: 10:06, 23.01.2020
Ресейде мұз құрсауынан 250 балықшы құтқарылды

Ресейдің Сахалин аралы жағасындағы мұздықтан ірі кесек мұз бөлініп, үстіндегі 300-ге жуық балықшыны ағызып әкеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға жайлы балықшылардың өздері мессенджерге жазыпты. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметкерлері шұғыл оқиға орнына жетіп, балықшыларды мұз құрсауынан құтқарып алды. Қалғандары өз күштерімен жағаға жетіпті. Жалпы бұл операцияға 18 құтқарушы жұмылдырған.

Хабар 24 телеарнасы