379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Singapore Airlines Қытайға ұшып бара жатқан жолаушыларға бетперде таратып жатыр

  • 117
  • UPD: 10:00, 23.01.2020
Singapore Airlines Қытайға ұшып бара жатқан жолаушыларға бетперде таратып жатыр

Сингапур әуекомпаниясы Қытайда пневмонияның жаңа түрінің өршуіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті. Бұл туралы CNA телеарнасы хабарлады.

Экипаж мүшелері мен жолаушыларға залалсыздандыратын сұйықтық қолдану ұсынылып, қорғаныш маскасы беріледі. Бұл іс-шаралар төмен тарифті әуе тасымалдаушыларына да қатысты. Рейс кезінде қауіпті вирус туралы ақпарат айтылып, қандай да бір күдік байқалса дәрігерлерге көріну керектігі еске салынады. 

Лайф интернет-басылымының мәліметінше, Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 570-тен асқан, олармен қарым-қатынаста болған 5 мың тұрғын дәрігерлердің бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы