379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мыңдаған грекиялық ел аумағын босқындардан босатуды талап етті

  • 152
  • UPD: 13:30, 23.01.2020
Мыңдаған грекиялық ел аумағын босқындардан босатуды талап етті

Грекиядағы Лесбос, Хиос, Самос аралдарының мыңнан астам тұрғыны жаппай ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразы жұрт мигранттар дағдарысынан шаршағанын, ел аумағын босқындардан босатуын талап етті. Өйткені мемлекетте мигранттарға арналған орталық көбейіп, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі қиындаған. Азаматтардың айтуынша, Грекия өзі қабылай алатын мигранттар лимитінен әлдеқайда асып кетті. Мәселен, сыйымдылығы 3 мың орынды құрайтын Мория орталығында 19 мыңнан астам босқын тұрып жатыр. Сондай-ақ лагерде мигранттар үшін жағдай жасалмағанын айтады. 

БЛИЦ:

– Мигранттар дағдарысын шешу керек. Босқындарды біздің аралға әкеліп, орналастыруды доғарсын. Күннен-күнге сандары артып келеді. Өз жерімізде өзіміздің тынысымыз тарыла бастады.

– Жағдай бақылаудан шығып барады. Әрине, біз босқындарды сыйлаймыз. Дегенмен бізді кім ойлап жатыр? Жергілікті тұрғындардың өз жері, өз еркіндігі жоқ па? Балаларымыз үшін алаңдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы