445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парагвай президенті денге безгегіне шалдыққан

  • 170
  • UPD: 13:28, 23.01.2020
Парагвай президенті денге безгегіне шалдыққан

Қытай коронавируспен күресіп жатса, Парагвайда денге безгегі өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті осы елдің президенті Марио Абдо Бенитес қауіпті дертке шалдығып, жұмысын шектеген. Бұл туралы Парагвай Денсаулық сақтау министрі мәлім етті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының температурасы 38 жарым градусқа дейін көтеріліп, дәрігерлер оның денге безгегімен сырқаттанғанын анықтаған.

Айта кетейік, денге безгегі – субтропикалық және тропикалық климатты аймақтарда болатын қауіпті ауру. Індетті масалар таратады. Парагвайда биыл жыл басынан қауіпті дертке 94 адам шалдығып, 2 тұрғын көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы